20.06.2016, 10:52
Оқылды: 20

Түлектер арманын арқалаған кеш

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданының орталық алаңында «Сәт-сапар, жас түлек!» атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты кеш оздырылды.

   Алдымен аудан әкімі Асхат Шахаров түлектерді, ұстаздарды, ата-аналарды айтулы мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


  Аудан басшысы Асхат Берлешұлы Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлектері, «Алтын белгі» иегерлері Ақнұр Беркінова (облыс бойынша 125 балл жинаған бірден-бір түлек) мен Асият Хасиноваға төсбелгілерін табыс етті.

   Сонымен қатар, үздік аттестат иегерлері мен 100-ден жоғары балл жинаған жас түлектер де марапатталды.

   Жас түлектерге бағалы сыйлықтар тарту етілді.

   Мерекелік салтанатта ата-аналар атынан Нұрбол Бозов, түлектер атынан Асият Хасинова сөз сөйледі.

   Мереке шырайын аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары әсем әнмен әрледі.

   Шара соңында Қаратөбе аспанында от шашу орнады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале