2.06.2015, 17:58
Оқылды: 36

Түлектер шағын футболдан жарыс ұйымдастырды

Akjayik futol  Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1978 жылғы түлектер шағын футболдан бәсекелер ұйымдастырды. Оған жасы 30 жастан асқан еңбек ұжымдары қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан құралған 6 команда қатысты. Айналым әдісімен өткен сайыста І орынды 1970 жылғылардан құралған команда, ІІ орынды №18 өртпен күрес бөлімі, ІІІ орынды Краснояр орта мектебінің командасы иеленді. Нұрболат Сұлтанов, Бақтыгерей Дарипов, Марат Есениязов, Дамир Киекбаев және Мәлік Орашев үздік ойыншылар болып танылды. Ойынға қатысушыларды бұл спорт мерекесімен ауылдық округ әкімі Боранбай Қыдырғожин құттықтады. Ұйымдастырушылардың атынан командаларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, кубок табысталды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале