11.04.2016, 12:28
Оқылды: 54

 «Түрмеден босап шыққандарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету мәселелері алдыңғы кезекте»  

DSC_0005Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісте облыстық прокурордың көмекшісі Әділ Ахмулдин мәлімдеді.


Жиында 2012-2015 жылдары сот арқылы айыппұл түрінде қылмыстық жазаны тағайындау тәжірибесі, қадағалау жайы және 2015-2016 жылдары бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды оңалтуға қатысты заңнама талаптарының орындалуы талқыланды.

Облыстық прокурордың көмекшісі Әділ Ахмулдиннің айтуынша, қазіргі кезде түрмедегілердің саны азайғанымен, есесіне пробация қызметінде есепке алынғандардың саны артып келеді. Мәселен, 2004 жылы пробация қызметіне 1585 адам тіркелсе, 2015 жылы 47 пайызға көбейіп, 2331 адамды құраған. Түрмеден босап шыққандарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету мәселелері алдыңғы кезекте. Биылғы наурыз айында Облыстық прокуратура қызметкерлерінің тексеруі нәтижесінде Жәнібек ауданында жылына төрт мәрте өткізілуі тиіс консультативтік кеңестің отырысы 2014 жылы бір рет, 2015 жылы мүлде өткізілмегені, әлі күнге кеңес құрамының өзгермегені және кейбір мүшелерінің ауданда мүлдем қызмет істемейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарды қоғамдық жұмысқа тарту бойынша сот үкімдері орындалмай отырғаны анықталды. Жұмыс кестесінде белгіленген күні есепке алынған Д. есімді азаматтың республика аймағынан шығуға құқы болмаса да, РФ аймағында жүргені мәлім болған соң, бұл жайтты қадағалауға алатын «Бүркіт» жүйесінің іске қосылмауына байланысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале