10.06.2016, 11:07
Оқылды: 18

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

????????????????????????????????????

  Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы БҚО филиалы директорының орынбасары Н.Қыдыров пен аталмыш мекеменің бас маманы Г.Габдулова «KazSat-3» жерсерігіне көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жиын өткізді.


   Қазіргі таңда аудан бойынша «Otau TV»желісіне 1528 абонент қосылған. Енді аталмыш жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіру жұмыстары ауданымызда жүйелі жүргізілуде. Бұған дейін жерсеріктік «Otau TV» телехабар таралымы шетелдік жерсерік арқылы жұмыс жасап келген болатын.

   – Бүгінде «Otau TV»желісінде сапалы сигнал болмағандықтан «KazSat-3» жерсерігіне ауысу қажет. Аталмыш жерсерікке ауысқан жағдайда барлық ақылы каналдар бір ай тегін көрсетіледі. Сондай-ақ арнайы диллер барып, баптауларды жүктеп  берген жағдайда қызмет ақысы екі мың теңге көлемінде. Осылардың барлығын аудан мен ауыл тұрғындарына жеткізу қажет, -  деді «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы БҚО филиалы директорының орынбасары Нұрлан Қуанғалиұлы.

www.zhaikpress.kz
Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале