21.09.2015, 11:05
Оқылды: 20

Түсінік жұмыстары жүруде

ZH  Шыңғырлау ауданы  әкімдігінде өткен   кезекті  мәжілісте селоның тазалығы, санитарлық жағдайлары туралы айтылып, аудандық  тұтынушылар құқығын қорғау  басқармасына  тапсырмалар берілген болатынды.

Осы тапсырмаға сай  аудан орталығындағы бірнеше мекеме, ұжым өкілдерінің  қатысуымен, аталмыш мекеменің  жетекші  маманы Б.Сатыбалдиеваның ұйымдастыруымен рейд өтті. Нәтижесінде  рейд мүшелері жеке аула, үй маңдарын  тексерумен қатар бірнеше қос қабатты үйлерді  аралап, тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындармен кездесу кезінде  аудан орталығында орналасқан қос қабатты  үйлердің  тұрғындары  лас суларын үй маңына төкпеуді, әр үйге септик орнатуды, тазалық шараларын сақтау түсіндірді. Тұрғындарға тазалық сақтау шаралары айтылған жадынамалар үлестірілді.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы    

Айсұлу Муса

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале