6.06.2016, 16:11
Оқылды: 34

Тұрғындардың өтінішіне құлақ асты

 turgundardyn otinishine kulak asty

     «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған Ақоба ауылының тұрғыны Рая Хайрушева қызына мамандығы бойынша жұмыс сұрады.


      Оның уәжін тыңдаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздар қатарына тіркелу керектігін айтып, кезегі келгенде жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа алынатынын жеткізді. Ал, «Ерлан» шаруа қожалығының жетекшісі Боранбай Айтқалиев  көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан өз шаруашылығына жарық өткізу жайын қозғады. Қабылдауға мекеме-ұйымдардың басшылары қатысып, өздеріне қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді. Нұрсұлу Сәрсенғалиева, Гүлімжан Құрманғалиева, Қуаныш Жұмағалиев сынды бірқатар тұрғындар жұмыссыздық мәселесін тілге тиек етіп, сауалдарына нақты жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

ЖӘНІБЕК АУДАНЫ

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале