20.01.2016, 9:15
Оқылды: 39

Тұрғындарды толғандырған мәселелер

Шынгырлау акимШыңғырлау селосына іргелес орналасқан Ақсоғым елді мекеніндегі кездесуге тұрғындар көп жиналды. 


Округ әкімі Ғ.Жұмағазиевтің баяндамасы тыңдалған соң, аудан әкімі Алдияр Хелелов болашақта газы, суы бар, орталыққа жақын орналасқан ауылды өркендетуге негіз бар екендігін айтты. Тұрғындар жолды тазалап тұру, медпунктті жөндеу, автобус қатынасын жақсарту жөнінде ұсыныстар білдірді.

аким шынгырлау Жаңакүш клубындағы есептік кездесуде негізгі әңгіме ауылдағы ауыз су мәселесі жөнінде өрбіді. Ардақтан келетін судың мөлшері Жаңакүште мейлінше азайып, су мөлшері елді мекен тұрғындарына жеткіліксіз екенін айтқан тұрғындарға аудан басшысы тез арада бұл мәселенің анық-қанығына жетуге уәде етті. Өткен жылы аудан орталығындағы интернаттағы балаларға байланысты айтылған ұсыныстар биыл шешімін тапқаны көпшілікті қуантты.

Ауылда тұтынушылар кооперативін құру жөнінде жұмыстар басталыпты. Енді құжаттар тіркеліп, жұмысты жалғастыру қажет. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан басшысы нақты жауаптар берді.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале