24.06.2016, 18:36
Оқылды: 28

Тұрғындарды қабылдады

turgyndardy kabyldadyЖәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.


Бұл жолғы қоғамдық қабылдауда болғандардың көпшілігі тұрғын үй мәселесін алға тартты. Ал зейнеткер Рабиға Арғынбаева үйіне ауыз су өткізіп беруге көмек сұрады. Оның өтініші аяқ асты қалмайтынын, оң шешімін табатынын аудан басшысы нақтылап түсіндірді.  Жұмыс мәселесі бойынша қабылдауға келген жас маман Эльдар Темірхановқа аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп, жастар тәжірибесімен жұмысқа тұруға кеңес берді. Әртүрлі әлеуметтік жағдайларын тілге тиек еткен тұрғындардың өтінішіне әкім қанағаттанарлық жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті орындарға тапсырмалар берді.

www.zhaikpress.kz
Арайлым КЕСЕКОВА
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале