11.08.2015, 20:46
Оқылды: 31

Тұрғындармен кездесу

IMG_5591Шыңғырлау ауданының әкімі Алдияр Халелов селолық округ тұрғындарымен кездесуді бастады.

Қарағаш ауылдық округінен бастау алған кездесулердегі басты мәселелердің бірі округтердегі елді мекендерде ауыл шаруашылығы тұтынушылар кооперативін құру мәселесін басты назарға алу болды. Бұл кооперативтің негізі жеке тұрғындар малын өтініштері бойынша тіркеуге алып, үкімет тарапынан берілетін субсидияға қол жеткізуге бағытталған.  Аталған бағдарламаның ауыл тұрғындары үшін берері көп екенін барша жерлестеріміздің дұрыс түсінгені аса маңызды.

Жиынды кіріспе сөзімен ашқан Қарағаш ауылдық округінің әкімі Дархан Қуанышқалиев округте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, село тазалығы, газ өткізу мәселелерін айтып өтті. Аудан әкімі қосымша сұрақтар қойып, жиналғандарды ашық әңгімеге шақырды. Осы округтегі «Бауырым ШҚ (Ә.Алмағанбетов) игі істерін мысалға келтіре отырып, «Сыбаға», «Алтын асық», Құлан» бағдарламалары бойынша несие алуға шақырды.

Алдияр Сансызбайұлы сұрақтарға жауап беріп, ауыл тұрғындарын бірлікке, еңбекті ұйымшылдықпен атқаруға шақырды.

Түс қайта Ақбұлақ ауылдық округінде жалғасқан жиында ауыл әкімі С.Уржанов хабарлама жасады. Ауылдағы жарықтандыру жұмыстарының жалғасын табатынын айта келіп, ауыл шаруашылығы тұтынушылар кооперативін құру мәселесіне тоқталды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұқанбетов түсініктеме жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Халелов кооперативтің құрылуы жөнінде нақты тапсырма берді.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты болашақты бағамдаған бағдарламасы ел экономикасының локомотиві саналатын ауыл шаруашылығына тың серпін бермек. Соның айқын бір дәлелі - ауыл шаруашылығы тұтынушылар кооперативін құру. Ортақ мақсатқа, бір жүйеге негізделетін осындай шаруашылықтың түрі әрбір қазақстандықтың өзін өзі қамтып қана қоймай түпкі жетістікке жету жолдарына бастайтын құжат. Сондықтан да осы басқосулардан ауыл тұрғындары тиісінше қорытынды жасайды деп сенеміз.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале