17.05.2016, 16:26
Оқылды: 20

Тұрғындар үйлеріне кіре берістің жолын жөндетуге ықпал етуін өтінді

04   "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  Орал қалалық мәслихатының депутаты Жантас Сафуллин қала тұрғындарын қабылдады.

   Қоғамдық қабылдау барысында Х.Чурина, 136 , Еуразия, 64,  Құрманғазы, 163 мекенжайының тұрғындарынан өтініш түсті.


  Тұрғындар үйлеріне кіре берістің жолын жөндетуге және көлік қоятын тұрақ жасауға ықпал етуін өтінді. Тұрғындардың сөзінше, аулаға екі жолмен қатынайтын бағыт бар. Біріншісі, тұйықпен бітеді. Автотұрақ қарастырылмаған. Ал екіншісі - № 21 ЖОМ жанымен өтетін, көптен жөндеу көрмеген жолдың жағдайы өте төмен. Жыл сайын күзгі-көктемгі лайсаңда жаяу адамға да, көлік қозғалысына да үлкен қиындық туғызады екен.

   Сондай-ақ қоғамдық қабылдауға қала тұрғыны Нұргүл Балмұқанова мүгедек баласын емдету үшін материалдық көмек сұрай келді. Ол бес жасар баласын Астана немесе Қызылорданың емханасына апарып емдетуге қаржы жағынан қысылып тұрғандығын айтып, көмектесуін өтінді.

   Барлық түскен өтініш-шағымдармен мұқият танысқан депутат Ж. Сафуллин нақты жауаптарын берді.

  Қабылдау аяқталған соң, Жантас Набиоллаұлы тұрғындары шағымданған көп қабатты үйлердің ауласында болып, кіре беріс жолының жай-күйін көзбен көріп, танысып қайтты. Тұрғындарға бұл жолдардың назарында болатынын, көтерілген мәселенің құзырлы органдарға жеткізетінін айтты.

   Ал Нұргүл Балмұқанова және оның баласына көмек қажеттігі туралы мақалалар облыстық "Приуралье" және "Орал өңірі" газеттерінде, сондай-ақ zhaikpress.kz сайтында жарияланатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале