31.07.2015, 17:59
Оқылды: 20

Тұрғындар әкім қабылдауында болды

Janibek akimnin kabildauinda boldi 01

 

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген «Исқақ» ШҚ-ның жетекшісі Бекболат Қарашев су мәселесін сөз етті. Су тапшылығы салдарынан, малды алыс тоғандарға барып суарып жүрген кәсіпкерге аудан әкімі мүмкіндігінше көмектесетінін айтты.

Ал жұмыс сұрап келген Жәнібек ауылының тұрғыны Жаңылсын Даулетоваға әкім бос орындар жәрмеңкесіне қатысуды ұсынды.

Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындарды байыппен тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты тексеретіндігін айтты.

www.zhaikpress.kz

Данияр Оспан

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале