3.11.2015, 14:11
Оқылды: 19

Тұрғын үйлер жаңғыртылып, жаңаланды

SONY DSC

Жәнібек ауданының орталығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»  №473 қаулысына сәйкес бұрнағы жылы және былтыр 5 тұрғын үй күрделі жөндеуден ( модернизация ) өткізілді. «Жәнібек Сәулет» ЖШС директоры Нұрман Түменовтың айтуынша күрделі жөндеу жұмыстарының алдында үй иелерімен жиналыстар оздырылып, үш жақты келісімшарт жасалған. Үйлерге күрделі жөндеуді Жаңақала ауданындағы «Аяла» ЖШС жүргізіп, нәтижесінде мекенжайлардың сыртқы қабырғасы, төбесі профлистпен қапталып, терезесі пластикалық материалдармен ауыстырылып, темір есіктер орнатылған.   Жөндеу жұмыстары аяқталған соң әр пәтер иесімен қарызды қайтару жөнінде келісімшарт  жасақталып, қарызды қайтару кестесі тіркелген. Келісімшартқа сай, тұрғындардың қарызды қайтару жұмыстарын «Жәнібек Сәулет» ЖШС қадағалап отыр. Күні бүгін  қарызды қайтару 83,5 пайызға орындалған. Қарызды қайтармаған 4 жеке тұлғадан соттың шешімімен 191 мың теңге өндіріліп алынған.

www.zhaikpress.kz

                                                                                       Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале