11.10.2016, 17:02
Оқылды: 68

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

  %d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd-%d2%af%d0%b9-%d1%81%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d3%a9%d1%80%d1%82-%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%96%d0%bf%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96   2016 жылдың 9 айы бойынша Зеленов ауданы аумағында 58 өрт оқиғасы орын алған. Оның 12-сі тұрғын үйде болыпты. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы өрт саны 73 пайызға азайған.

     Осы аталған өр салдарынан  келген материалдық шығын көлемі 2 337 500 теңгені құрап отыр.


     Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №192 бұйрығына сәйкес 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығы облысының аумағында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы деп белгіленді. Осыған орай Зеленов ауданы аумағының тұрғын үй секторында № 21, 25 өрт сөндіру бөлімдері мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, аулааралық шолулар жүргізілуде.

     Қазіргі таңда аудан аумағындағы 219 тұрғын үй секторы араланып, тұрғындарға парақшалар таратылған. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

  Ауданымыздың тұрғын үйлерін өрт қауіпсіздігі айлығы бойынша аралау кезінде негізінен тұрғындардың электр бұйымдарын, жарамсыз пештерді пайдалану және үй ішіндегі электр желілерінің ақауларының кемшіліктері көптеп кездесуде.

   Осы орайда аудан өрт сөндірушілері тұрғын үйлерде болатын өрт қауіпсіздігінің алдын алу, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігі шараларын орындауды ұсынады.

  • газ жылу құбырын қосар кезде алаудың үстіне жақындатып, содан соң құбырды ашуыңыз тиіс.
  • үйден газдың иісі шыққан кезде темекі тартуға, ашық алау жағуға және электр желісін қосуға жол бермеңіз.
  • өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес пеш салуды тек маманға ғана сеніп тапсырыңыз.
  • ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуға немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеңіз.
  • үй жиһазы, терезе жабыны және басқа да жаңғыш заттар пештен жарты метр қашықтықта болуы қажет.
  • пештің алдына, көлемі 50х70 см көлемдегі қаңылтыр қағу.
  • пеш мұржасы күйеден тазартылуы.
  • электр жүйелері ақауларын тек маманға ғана сеніп тапсырыңыз.
  • газ плита артындағы жарға газет, дастархан және т.б. жағыш заттарды ілуге болмайды.

       -    жылыту пештерін жөндеу, сылау, әктеу.

    -     шатырдағы барлық түтін өтетін тұрбалар және қабырғалар, түтін өтетін жолдарды  сылау.

        -   зауыттан дайындалмаған электр жылыту приборларын пайдаланбау.

        - ақаулы және істен шыққан электр қосқыштарды, розеткілерді, патрондарды ауыстыру.

     -  редукторды газ баллонға салған кезде, тек сабының көпіршігімен тексеру керек, сіріңкемен тексеруге мүлдем болмайды;

      -     өз бетімен газ приборларын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады;

      -     газ приборларын жасалуына өзгертулер жасауға;

      -     газды пайдаланып болғаннан кейін газ қондырғыларының приборларының кранын, редукторын жабуды ұмытпау;

-    жағылған газ приборларын қараусыз қалдыруға болмайды.

Құрметті ауылдастар, кез келген отпен жұмыс жасаған жағдайында сақ болыңыздар, өрттің тілсіз жау екенін есте сақтаңыз.

Николай Сламихин

 Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале