11.02.2016, 11:12
Оқылды: 19

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өтемақы төлеудің жаңа механизмі» тақырыбында брифинг өтуде

20160211_110246-1  Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалының «Жайық Пресс» медиахолдингінде кезектен тыс «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өтемақы төлеудің жаңа механизмі» тақырыбында брифингі өтуде.

Оған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  БҚО филиалының директоры Қуанышбек Хамзин қатысуда.


Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін   Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын  сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды тапсырған болатын. Өткен жылдың соңында «Бәйтерек» басқарушы Холдингі ҚР Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен әрі Ұлттық Банкпен біріге отырып, өтемақы төлеудің  оңтайлы тетігін әзірледі.

Сәйкесінше тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты  қосымша келісімдер қабылдауды бастауға дайын.

Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою (бұдан әрі - келісім) 2016 жылдың 8-ші ақпанынан  басталып,  1-ші маусымына дейін жалғасатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале