14.09.2015, 10:06
Оқылды: 24

Тұтынушыға да, сатушыға да тиімді

Janibek jyrek jardi merekelik konsert   Жәнібек ауылында биыл жаз айы басталғалы бері  осымен 12-ші рет жәрмеңке өткізілді. Бұл жәрмеңкеде де мал, бақша өнімдері мол сатылып, көпшілік өздеріне қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағаға алды.  Сауда қыза түскен шақта жәрмеңкеге аудан әкімі Мұрат Мұқаев та келді. Аудан басшысының өзі де Тау ауылындағы «Дәурен» шаруа қожалығынан қияр сатып алып, жергілікті жерде  көкөніс өнімдерінің сапалы өсірілгеніне көз жеткізді. Ол, сондай-ақ жәрмеңкеде сатылып жатырған өнімнің бағасына мұқият назар аударды, жәрмеңкенің айналасындағы жеке дүкендерге де бас сұғып, азық-түліктің бағасын бағамдады. Жәнібек ауылындағы орталық жәрмеңкеде баға тұрақты. Атап айтқанда қызанақтың келісі 70 теңгеден сатылса, қияр, қырыққабат және картоп сияқты бақша өнімдерінің келісі 60 теңгеден болды. Талов, Тау, Қамысты ауылдарының өзін-өзі қамтушылары жәрмеңкеге әрқайсысы бір-бір ірі қараны сойып әкеліп сатса, Жәнібек ауылынан екі ірі қараның еті сатылып, барлығының да келісі 900-950 теңге аралығында болды. Сол сияқты Борсы, Жәнібек ауылы тұрғындары сойып сатқан қой етінің келісі 800-850 теңгеге саудаланды. –Биыл оздырылған алғашқы жәрмеңкеде тек бір бас ірі қараның еті сатылса, содан бері апта сайын өткен жәрмеңкелерде оның саны арта түсіп отыр.Мұның өзі тұтынушыларға да, сатушыларға да тиімді. Бүгін көршілес Сайқын ауылында ұйымдастырылған жәрмеңкеге біздің аудан кәсіпкерлері шақырылды. Олар көршілес ауданның тұтынушыларына арпа, аспаздық өнімдерді және макарон, рожки сияқты тағамдарды сатады,-дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

 Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале