1.07.2016, 18:21
Оқылды: 19

Тұтынушы бұрыштамасы бірден көзге түседі

tutunushy buryshtamasyЖәнібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаевтан алынған мәліметке қарағанда аудан тұрғындарына  тұтынушылардың құқықтарын қорғау Заңын түсіндіру мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, аудандық басылымға  аталған басқарма қызметкерлері үзбей мақалалар жариялап тұрады.


Сонымен бірге басқарма қызметкерлері дүкендерді аралап, нысандардың қожайындарына, сатушыларға тұтынушы қажетті тауарын сатып алар кезде міндетті түрде фискальды чек беруін және тұтынушының бұрыштамасы жасақталу қажет екенін түсіндіреді. Ұдайы жүргізілетін бұл жұмыстардың нәтижесінде бірқатар жеке кәсіпкерлер тұтынушы бұрыштамаларын жасақтап, көрнекті жерлерге іліп қойғаны көзі қарақты жандардың назарына бірден түседі. Сол сияқты тұтынушылардың арыз - шағымдарын қабылдау мақсатында «Әлем» дүкенінде және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ғимаратында сенім жәшіктері орнатылып, ол апта сайын тексеріліп отырылады. Аудандық басқарманың мақсаты - тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған мемлекеттік саясатты орындау. Сондықтан шекара асып,  сырттан әкелінген көкөністер мен жемістердің көбеюіне байланысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыпты ұстау үшін аудан орталығындағы «Әлем»  базарында «Безопасный продукт в каждый дом» атты акциясы оздырылды. Акция барысында аудандық басқарма қызметкерлері  көкөністер мен жемістерден пестицид пен нитратты анықтау мақсатында тегін түрде лабораториялық зерттеулер жүргізіп, тұтынушыларға  азық-түлік  алар кезде тағамның түріне, сапасына, қораптың  бүтіндігіне және жарамды мерзіміне міндетті түрде назар аудару қажеттігі түсіндірілді.

                                                                                  www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале