24.07.2015, 16:27
Оқылды: 18

Тұтынушы құқықтары заңмен қорғалмақ

Sirim tytinushi kykiktarimen    «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұтыну тауарларының қауіпсіздігі мен сапалы қадағалау бағытын түсіндіру сұрақтары» тақырыбымен Сырым аудандық ТҚҚ басқармасы базасында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің ТҚҚ бөлімінің басшысы Элмира Киматова, «БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарина Телагисова, Қаратөбе аудандық ТҚҚ басқарамасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова, жетекші маман Жанаргүл Кусаева және аудандағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Сала мамандары  тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде біркелкі мағлұматтар айтып, туындаған сауалдарды ортақтаса талқылады.

www.zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале