15.12.2015, 19:53
Оқылды: 34

Тұғыры биік Тәуелсіздік

Jalpaktal tauelsizdik tygirim   15 желтоқсан күні Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты салтанатты шара өтті. Бұл шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.


Өткеніміз бен бүгініміз сараланған мерекелік жиында мемлекеттік Әнұран шырқалған соң, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин мінбеге көтеріліп,  жиналған жұртшылықты қасиетті де ұлық мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен бұл күннің орны ерекше. Тәуелсіздік бұл азат пен төзімнің, туған халқымыздың еркіндікті аңсаған шыдамының шындыққа айналуы. Тәуелсіздік тұғырының нығаюында Елбасымыздың үлесі орасан зор. Президенттің сындарлы саясаты негізінде, егемен еліміз бар жаһанға танылып, даму қарқынын үдетті. Мұнан соң, ауыл әкімі ауылымыздың өркен жаюына Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы мерекелерінде өзіндік үлес қосқан бір топ мекеме-кәсіпорындарды алғыс хатпен марапаттады

Салтанатты жиын соңы Жалпақтал мәдениет үйінің, К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп жанындағы өнер бөлімінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале