2.12.2015, 10:53
Оқылды: 23

Тұңғыш Президент күнін Ұлттық Ұлан жауынгерлері жоғары дәрежеде атап өтті

Ylttik ylandar  Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің клубында мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Бұл салтанатты  кешке   «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының  басқармасымен 5517 әскери бөлімдерінің  жауынгерлері  қатысты.

Сахна төріне Мемлекеттік Әнұран шырқалып,«Батыс» өңірліқ қолбасшылығының Жауынгерлік Туы салтанатты түрде шығарылды. Мерекелік концерт Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, Елбасына арналған әуезді әндермен жалғасты. Қонақтардың назарына Президентіміздің өмірбаяны негізінде түсірілген «Тұңғыш Президенттің тарихи лентасы» атты деректі фильм көрсетіліп, оның сүйікті әндері шырқалды.


Осынау деректі фильмде 20 жыл ішіндегі жас мемлекеттің басты қадамдары мен даму серпімділігін көрсетілді. Суреттемеде Қазақстан мемлекетінің Бірінші Елбасы Н.А.Назарбаевпен қысқа уақыт ағымында еліміздің орталық аймаққа айналып, гүлденгені суреттелді.

Мерекелік  шараны«Батыс» өңірліқ қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор  Кайрат Ақтанов  ашып, жиылған жұртшылықты  құттықтады.

Одан кейін   «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының   қолбасшысының  тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстар  жөніндегі орынбасары   полковник  Берік Омаров баяндама  жасап, Елбасының елі үшін атқарған елеулі еңбектерін айтып,  Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында айтылған мәселелерге орай өз пікірін жеткізді.

Өз  кезегінде  «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының   ардагері  запастағы  майор Тимур Мүрзашев,   құқық  қорғау органдарының өкілдері   жауынгерлерді  Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтады. Кеш барысында бір топ жауынгерлер грамота мен алғысхаттармен марапатталды.

Тамаша   кештің  соңы   «Тарих. Тұлға. Елбасы» аттыТұңғыш Президент күнінеарналған кітапкөрмесіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

 «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале