26.11.2015, 17:43
Оқылды: 27

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Қайырымдылық керуені» шарасы ұйымдастырылды

Assambleia 01   Тұңғыш Президент күніне орай «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясына батысқазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Қаламыздағы Салтанат сарайы маңында өткен шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.


-Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай түрлі шаралар өтуде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандырды қолдауға орай «20 игі іс», «Тайқазан» сынды іс-шаралар жүзеге асты. Бүгін Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Ассамблеямен «Қайырымдылық керуені» шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл осынау шаралардың жалғасы іспеттес. Оған облысымыздың кәсіпкерлері, мекеме басшылары, жеке тұлғалар қатысуда. Жомарттық, кеңпейілдідік - адамның бойындағы жақсы қасиеттер болып саналады. Түрлі сый-сияпат алатын балалар үйі, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлері, оңалту мекемелерінің тәрбиеленушілері бұл қасиеттерді тағы да анық сезінетін болады. Сол себепті осы акцияға қатысушы барлық жанға өз ризашылығымды білдіремін. Бұл бір күндік акция емес, әрі қарай да өз жалғасын табады,-деді Нұрлан Асқарұлы.

Өз кезегінде сөз алған «Арба» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Батпақұлова биылғы Ассамблея жылында мүмкіндігі шектеулі жандар адамдардың қайырымдылығын көп сезінгенін жеткізді. «20 игі іс» шарасы аясында көптеген қайырылымдылық жасалды. Мәселен, облыстық корей этномәдени бірлестігің қолдауымен бірлестік мүшелері емдік массаж жасау техникаларын үйренді. Мүгедек жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы етіп жасалған «Газел» автокөлігі тарту етілді. Осы арнаулы көліктің көмегімен бірлестік көптеген шара ұйымдастырды. Облыстық дүнген мәдени орталығының ұйымдастыруымен Зеленов ауданы әкімдігінің, «Сити» такси мекемесінің қолдауымен мүгедектер арбадан атқа отырып, 25 шақырым жер жүріп, серуендеді. Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шақаров көмегі зор болды.

Assambleia 02

Содан кейін он екі ауданнан келген қайырымдылық керуені арнайы әлеуметтік ұйымдарға қарай жолға шықты. Мысалы үшін Қазталов ауданының керуені Қазақ соқырлар қоғамының облыстық басқармасына барып, 200 мың теңгенің сый-сияпатын жасап, артынан «Мейірімділік» атты концерт қойды.

Assambleia 03

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале