30.09.2016, 11:02
Оқылды: 28

Тәрбиелік шаралар мол болсын

????????????????????????????????????

  Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Біржан Меңешовтың төрағалығымен аталмыш комиссияның отырысы оздырылды.


   Комиссия отырысы барысында Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ директоры Мәдина Төлешева кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды әртүрлі тәрбиелік шараларға қызықтыру бағытында аталған мектепте атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабарлама жасаса, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы Елдос Қарабалиев биылғы 9 айдағы  жасөспірімдермен  жұмыстың жай-күйін  баян етті.

  Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Біржан Нұрланұлы кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп жанындағы үйірмелер мен секциялардың жұмысын жандандыру, жасөспірімдердің бос уақытын басқа да тиімді, тағылымды шаралармен толықтыру хақында тиісті мүдделі мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

                                                                                            Н.Жапақов

                                                                                            Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале