18.04.2016, 17:11
Оқылды: 17

Тәрбие өзегіне – көркемсөз қуаты

????????????????????????????????????

     Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақжайық ауданда да тың, мәнді іс-шаралар өткізілуде. Чапаев ауылында ауылдардан өкілдер шақырылуымен ұйымдастырылған «Сайланып шықса сұлу сөз...» атты көркем ойдың көрікті келбетін ашар ой бөлісу кеші өтті. Бұл шырайлы шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин қатысты.


      Мазмұны менмұндалаған кешті тіл жанашыры, М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалампыр Есеналиева жүргізді.

      Қолданыстағы сұлу сөздің көркем қасиеті мен берер тәрбиелік мәнінің бүгінгі деңгейі қандай? Тарих қойнауында қалған сөз өнерінің алмас қылыштай өткірлігі, болмаса, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген сөзге тоқтаған елдің бүгінгі ұрпағы сөз қасиетін түсініп жүр ме? Осы сияқты саналуан сұрақтар төңірегінде кеш қонақтары өз пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Тілектес САҒЫН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале