6.10.2016, 15:18
Оқылды: 30

Тәркіленген қарасора өсімдігі өртелді

%d1%82%d3%99%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d0%be%d1%80%d0%b0-%d3%a9%d1%81%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d3%a9%d1%80%d1%82%d0%ba%d0%b5   Батысқазақстандық полиция қызметкерлері Зеленов ауданы Дариян ауылында  есірткі өсімдігін өртеді.

Қазанның 5 күні  Дариян аулында ауылдан тысқары жерде тәркілеуге алынған 1960 түп қарасора және 132 кг кептірілмеген марихуана есірткі заты өртке оранды.


   Аталған іс-шара департамент  басшылығының төрағалық етуімен және  есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, тергеу, анықтау салаларының және прокуратура қатарынан комиссия құрылып, іске асырылды. Сондай-ақ, шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Еске сала кетейік, қыркүйектің 24-і күні Зеленов ауданы Шолпан ауылынан бірнеше шақырым жерде Орал өзенінің жанындағы орман алқабынан бірнеше  қашықтықта БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз қарасора өнімін өсірумен айналысқан үш азаматты анықтап, қолға түсірген болатын. Олар Қызылорда қаласының 1951 және 1962 ж.т. тұрғындары, сондай-ақ, 1964 ж.т. «П» есімді қала тұрғыны болып шықты.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 1965 түп қарасора және 132 кг-дан астам «марихуана» есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар, тергеп-тексеру барысында күдіктілерден қарасораны өсіруге арналған құрал-саймандар тәркіленді. Сараптамашылардың пікірінше тәркіленген есірткі заттардың құны, түптерді санамағанда 50 миллионнан астам теңгені құрап отыр.

Қазіргі уақытта есірткі жасаушылар Орал қ. ІІБ Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале