23.06.2015, 15:08
Оқылды: 19

Тәртіп сақшылары марапатталды

Karatobe tartip sakshilari    Қазақстан полициясына-23 жыл. Осы айтулы мерекеге орай  22 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі  әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік салтанатты жиналыс оздырылды.

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудан әкімі аппаратының басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан прокурорының көмекшісі Райхан Мұқанова, сала ардагерлері мен бөлім қызметкерлері, Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Салтанатты жиналысты Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі  Сәбит Нұрмағанбетов  мерекелік құттықтау сөзбен ашып, Қазақстан полициясының  құрылу тарихы, сала бойынша 23 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қаматамсыз ету бағытындағы ішкі істер органдарындағы сала басшылары мен қызметкерлерінің  еңбек үлгісін мақтан етіп, ауданның тәртіп сақшаларының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

   www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале