23.06.2016, 19:05
Оқылды: 20

Тәртіп сақшылары марапатталды

????????????????????????????????????

Маусымның 23-і күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Асхат Шахаров кәсіби мерекеге орай тәртіп сақшыларын қабылдады.


Полиция қызметкерлері Ақтөбедегі лаңкестік кезінде қаза болған әріптесін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан басшысы Асхат Шахаров сала қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету жолындағы елеулі еңбектерімен құттықтап, қызметте жетістіктерге қол жеткізген бөлім өкілдерін марапаттады. Олардың қатарында учаскелік полиция инспекторлары Т.Мәтжанов, Е.Әмірғали, көш-қон полициясының өкілі Б.Еркінов және бөлім тергеушісі А.Мусин бар.

Аға буын өкілдері, сала ардгерлері Қуаныш Мәжитов, Мақсот Шағанов, аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Еркінов ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып жүрген кейінгі ұрпақ өкілдерінің қызметтеріне  сәттілік тілеп, жыл сайын  мерекеге орай өздеріне құрмет  көрсетуші аудан басшысына және аудандық ішкі істер бөлімі басшысы Сәбит Нұрмағанбетовке алғыстарын айтты.

www.zhaikpress.kz
Ерболат РАЙСОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале