15.06.2016, 15:17
Оқылды: 32

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ПОЛИГОНДА МЕРГЕН АТАНДЫ

Screenshot_2016-06-14-19-48-04-1   Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің жауынгерлік қарудан ату бойынша чемпионатына қатысу үшін Батыс Қазақста облыстық ішкі істер департаментінің құрама командасын жасақтау және үздік спортшыларды анықтау мақсатында, сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаментінің және «Динамо» облыстық дене шынықтыру қоғамының спорттың қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша облыстық жарыстар жүргізудің 2016 жылға арналған жоспарына  сай 2016 жылдың 9-10 маусымы аралығында №5517 Ұлттық ұланының «Сұңқар» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік қарудан ату бойынша облыстық ішкі істер департаментінің чемпионаты өтті. Қазақстан полициясының құрылғанына 24 жыл және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелері қарсаңында  кең көлемде ұйымдастырылған спорттық шараға құрамында 64 спортшы-қызметкер  бар 16 команда қатысты. Жауынгерлік қарудан ату бойынша чемпионат 7 ереже(МТ-2, МТ-3, МТ-4, МТ-5, МТ-6, КА-3, КА-4) негізінде өткізілді.


   Әр команданың жеңіс қоржынына жинақталған ұпай сандары есептеле келе, командалық есеппен 1 орынды БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі жеңіп алып, команда құрамындағы мерген спортшылардың төбелері көкке жетті. 2 орынды Орал қ.ІІБ командасы иеленді. 3 орын Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің командасына берілді.

   Жекелей сында нәтиже көрсеткен мықтыларымызды атасақ, Абай полиция бөлімінің қыздары ерледі. МТ-2 жаттығуында  1 орынды Абай полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Дариға Мажитова  жеңіп алды. 2 орын Абай полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Альфия Сатыбаеваға берілді, 3 орынмен Орал қ.ІІБ штабының аға инспекторы полиция капитаны Альфия Рахметова марапатталды.

   МТ-5 сынында 1 орынды Абай полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция каптаны Альфия Сатыбаева, 2 орынды Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ инспекторы полиция майоры Инна Габдуллиева, 3 орынды БҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы полиция каптаны Шынаргүл Қапаева жеңіп алды.

   МТ-3 жаттығуында 1 орынды БҚО ІІД кадрдар жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Бауыржан Успанов, 2 орынды Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімі ӘПб мемлекеттік автоинспекторы полиция каптаны Жанболат Мукашев, 3 орынды Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші-инспекторы полиция аға лейтенанты Қазбек Сакпаев иемденді.

   МТ-4 жаттығуында 1 орынмен БҚО ІІД кадрдар жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Бауыржан Успанов, 2 орынмен Абай полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Эмиль Шарменов, 3 орынмен Орал қ.ІІБ ӘПб мемлкеттік автоинспекторы полиция капитаны Нұрлан Габдуллин ерекшеленді.

  МТ-6 жаттығуында 1 орынмен БҚО ІІД кадрдар жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Бауыржан Успанов, 2 орынмен Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Тасболат Дәулеткереев, 3 орынмен Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші-инспекторы полиция аға лейтенанты Қазбек Сакпаев көзге түсті.

   КА-3 2 орындармен Казталов аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Естимир Нариманов, Орал қ.ІІБ ЖППБ полицейі полиция кіщі сержанты Руслан Маженов, Бөкейорда аудандық ішкі істер бөлімі арнайы тобының кіші инспекторы полиция старшинасы Жасулан Менеев иемденді.

  КА-4 жаттығуында 1 орынмен Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі кезекші бөлімшесінің кезекші аға испекторы полиция майоры Павел Старцев марапатталды. 2 орынды Орал қ.ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Тлек Қожамберлиев иемденді. 3 орынды Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімінің техник-криминалисі полиция сержанты Эредат Курмангалиев иеленді.

   Чемпионат соңында жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаз командалар мен жекелей сындағы мықты спортшыларға сыйлықтар мен кубоктар, дипломдар, медальдар салтанатты түрде тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Гүламан Исмагулова

Орал қ. ІІБ баспасөз қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале