28.04.2016, 19:16
Оқылды: 21

Тәртіп сақшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті

IIB assambleia

    Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде ұлтаралық жарасым мен дінаралық татулық салтанат құрып келеді. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер органында ірі этностық топтардың қатарын құрайтын орыс, украин, өзбек, неміс, кәріс ұлты, әзербайжан, татарлар, қырғыз, осетин ұлты және қарақалпақ секілді 15-тен астам ұлт өкілдері қызмет етеді. Ынтығымағы жарасқан ішкі істер органында аталған этнос өкілдері өз саласы бойынша мемлекетке өз үлестерін тигізуде.


      Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында халықтар достығы мерекесі қарсаңында қаламыздағы Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған «Қазақстан халқының ассамблеясы үйі» немесе «Достық үйінің» мәжіліс залында батысқазақстандық полицейлердің Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.

     Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.М.Утеулиннің қатысуымен бұл кездесуге арнайы шақырылған БҚО Қазақстан облысы халық Ассамблеясының, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» басшысы Әжғалиев Александр Құмарұлы, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Саратов Данилбек Алиевич, БҚО Қазақстан халық Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шохина Вера Кузьминична, БҚО неміс әтномәдени орталығы «Хаймат» бірлестігінің төрағасы Эдуард Роландович Фрицлер, БҚО еврей этно-мәдени орталығы «Ламед» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дергачева Ольга Всеволодовна сөз алып,  ынтымаққа, татулыққа шақыратын ұрандар айтты. «Біз бүгін мықты, өркениетті, мәдениетті әрі көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздің бірлестіктерді құру – бұл біздің Елбасының ең ұтымды шешімі болып табылады» - деп атап өтті Ассамблея өкілдері.

     Сондай-ақ, Батыс Қазақстан гуманитарлық Академиясының аға оқытушысы, тарих магистрі Кенжеғалиев Азамат Мақсотұлы Қазақстан халқының бірлігі күнінің құрылу тарихына ерекше тоқталды. Қатысушыларға бейне экран арқылы  сюжеттер көрсетіліп отырды.

         Қазақстан халқы ассамблеясы стратегиясын жүзеге асыруда қосқан үлестері үшін БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері С.Тастілеуов пен Ж.Сахауовқа алғыс хаттар табыс етті.

         Шара соңында тәртіп сақшыларына Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай дайындалған «Ассамблея –тұрақтылық пен бірлік нышаны» (Ассамблея – фундамент стабильности и согласия) атты деректі фильмі көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале