4.08.2016, 18:07
Оқылды: 24

Тәртіп сақшысына үкім шығарылды

САҚШЫҒА ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫАғымдағы жылдың 3 тамызында №2 Орал қалалық сотында ашық сот отырысы өтті. Оған Орал қ.ІІБ мен Абай полиция бөлімінің  басшы құрамы, кадр жұмысы бөлімінің инспекторлары, Абай полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.


Сотта судья Руслан Жумагулов Б.Тлеулеевке қатысты сот үкімін оқыды.

Сот процесінде белгілі болғаны, жәбірленуші А.Рахметова мен айыпты Б.Тлеулеев отбасыларымен араласып, достық қарым-қатынаста болған. Б.Тлеулеев азаматша А.Рахметоваға мемлекеттік  бағдарлама аясында жәйлі пәтерге қол жеткізуі үшін көмектесетінін, ол үшін  1 милиион 100 мың теңге ақша керектігін айтады. А.Рахметова Халық банктен қарызға несие алып, 2014 жылдың желтоқсан айында Б.Тлеулеевке береді. Алайда  уәде бойынша пәтер мәселесі шешілмейді. Оның үстіне алған ақшаны да қайтармайды. 2016 жылдың наурызында азаматша құзырлы органдарға хабарласып, арыз жазады. Шағымданушының арызы негізінде  қылмыстық іс қозғалып, сот істі тергеп-тексереді.

Сот барысында тағы бір белгілі болғаны, айыпты тұлға азаматшаға алған ақшасын біртіндеп қайтарып берген. Сот процесі кезінде судья Р.Жумагулов Б.Тлеулеевтің өз еркімен алған ақшаны қайтарып бергенін, істеген әрекеттеріне өкінетінін, отбасында жасы кәмелетке толмаған балаларының бар екенін, жәбіленуші тараптың оған ешқандай талабы жоқтығын ескерді. Судья айыпталушыға ҚР ҚК 63 бабымен 3 жылға сынақ мерзімімен шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сондай-ақ, Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы болған  Б.Тлеулеев полиция аға лейтенанты шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік мекемелерде қызмет ету құқынан айырылды.

Сот процесі аяқталған соң №2 Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жумагулов журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ашық сот отырысының соңында Орал қ.ІІБ КЖб бастығы полиция капитаны Самиғолла Абдрахманов жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерден алыс жүріп, тәртіп сақшылары тарапынан заң бұзушылықтардың орын алмауын қатаң талап етті.

Гүламан  Исмагулова
Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале