25.03.2016, 15:23
Оқылды: 45

Тәтті тағамдар дайындайтын цех

Akjayik tatti tagamdar   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта, Қазақстан көшесінің бойында «Перизат» кондитерлік өнімдер дайындап, сататын шағын цехы ашылды.


– Мен өзім Сырым ауданының Жетікөл ауылында туып-өстім. Осындағы орта мектепте білім алдым, кейін Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 орта мектепте оқуымды жалғастырып, орта білім алдым. Орал педагогикалық колледжінен бастауыш сынып мұғалімі бөлімін бітірдім. Осыған дейін жолдасымның жұмыс бабына байланысты Жәнібек, Шыңғырлау аудандарында тұрдық, мен мұғалім болдым,-дейді цех меңгерушісі Ләззат Матылова.

«Жақсыны көрмек үшін» деген, цехтың жұмысымен таныстық. Шағын цехтың іші кірсе, шыққысыз. Сыртқы есіктен-ақ нанның иісі танауыңды қыдықтайды. Жарқыраған шыны сөреде тұрған түрлі көлемді ұн өнімдері бірден көзге түседі.

Ләззат Орынғалиқызы тұтынушылардың тілегін орындауға ынталы екенін сөзсіз байқатты. Ол үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Аягөзді тамақ пісіруге баулуда. Мұның өзі қызбаланың тәрбиесіндегі көрікті тұс қой. Әрине, жалғыз адам ештеңе бітіре алмайды. Сондықтан, қасына Жайық ауылының тұрғыны, аспаз мамандығы бар Анаргүл Кемаладинованы жұмысқа тартты. Бір-біріне сүйеу болған олар қазір халықты тәттімен қамтып отыр. Ықыласпен атқарған кәсіптің игілігі де мол болары шүбәсіз.

  www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале