17.12.2015, 18:24
Оқылды: 17

Тәуелсіздігімізді ұлықтаған шара

 shingirlau tauelsizdikke shara Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған салтанатты шара Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті.  Осы жылдар кезеңінде еліміз қол жеткізген табыстар мен  жетістіктер тілге тиек етілген жиында аудан әкімі Алдияр Халелов  жыл ішінде еңбектерімен көзге түскен жандарды құттықтады. ҚР Аукылшаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен «Ғайни» ШҚ басшысы Ж.Айсиев, облыс басшысы Н.Ноғаевтың Алғыс хатымен Қ.Жакиев, «Нұр Отан» облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің Алғыс хатымен  аудандық басылымның жауапты хатшысы Г. Ботанова және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен сала қызметкерлері марапатталды. Аудан өмірінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып, түрлі салада еңбек еткен ел азаматтары Т.Қалмен мен С.Сәмиевке «Шыңғырлаудың құрметті азаматы» төсбелгілерін аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы табыс етті. Шарада сонымен қатар «Нұр Отан» партия филиалының қатарына қабылданған жастарға партия куәлігі табыс етілсе, мемлекеттік қызметкерлер Ант қабылдады.


 Кең байтақ даламызға, дана халқымызға деген мақтаныш сезімді лаулатқан көкркемөнерпаздар концерті жиналған жұртшылықтың көңілінен шығып, тәуелсіздігімізді тәу еткен аудан халқы алдағы күндер әманда жарқын болсын деген игі тілектермен тарқасты.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

Гүлшат Ибрагимқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале