28.04.2016, 10:42
Оқылды: 15

Тәуелсіздікке тарту

????????????????????????????????????

       Зеленов ауданы орталығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған мекемелер арасында хор болып ән айтудан жарыс өткізілді.

         Бұл сайысты Переметный ауылы әкімдігі, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы, аудандық демалыс орталығы, ардагерлер және қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастырды.


         Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен хор ұжымдары екінші кезеңде өзара сынға түсіп, сайыс шартына сәйкес қатысушылар патриоттық және еркін тақырыпта бір-бір әннен шырқап, жалпақ жұртшылықты тәнті етті.

         Сонымен тартысты өнер додасында аудандық аурухана қызметкерлері, жұмыспен қамту бөлімі, колледж ұжымы ІІІ, білім беру бөлімі мен балалар  саз мектебі, «Достық» мәдениет үйі ұжымы ІІ орын алса, аудан орталығындағы Қ.Аманжолов мектебі ұжымы І орынға ие болды.

      Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов жиылған халықты айтулы жылмен құттықтап, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тарту етті.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале