12.02.2016, 19:28
Оқылды: 29

Тәуелсіздікке 25 қайырымды іс

Zelenov tauelsizdikke tau eter   Тәу етер тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай, «25 қайырымды игі іс» жобасы аясында Зеленов ауданы әкімдігінің қолдауы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көшім, Янайкин ауылының көркемөнерпаздары Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап мерекелік концерт қойды.


   Аталыш жиында аудандық мәслихат депутаты Т.Залмуханов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н.Ешмұратов жастарды тәуелсіздік 25 жылдығымен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізсе, Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің басшысы К.Садбеков шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Зеленов аудандық жастармен жұмыс

жөніндегі ресурстық орталығы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале