3.11.2016, 13:25
Оқылды: 15

«Тәуелсіздіктің қарышты қадамдары» атты мерекелік концерт

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96%d2%a3-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%88%d1%82%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b  Жалпақтал мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жалпақтал ауылдық округінің орталығында орналасқан мекемелердің осы 25 жылда жеткен жетістіктерін баяндайтын «Тәуелсіздіктің қарышты қадамдары» атты мекемелердің мерекелік концерті басталды.

  Бұл мерекелік концерттің негізгі мақсаты Жалпақтал ауылының орталығында орналасқан мекемелердің атқаратын қызметімен терең, кең көлемде таныстыру, насихаттау, мекеме қызметкерлерінің ауыл тұрғындары арасындағы беделін көтеру болып табылатын.


   Мекемелерден алғашқы болып Жалпақтал өнер мектебінің ұжымы бастады. Бұл ұжым өздерінің жеткен жетістіктерін бейнебаян арқылы баяндап, фотокөрме, оқушылардың жасаған бұйымдарын көрсете білді.

   Жалпақтал өнер мектебінің ұжымы «Назқоңыр» халықтық фольклорлық ансамблі Г.Даукенованың «Жасай бер, Қазақстаным!» атты күйімен кеш шымылдығын ашты. Мұнан кейін Құрманғазының күйі «Балбырауын», аталмыш ұжымның ұстаздары, өнер мектебінің оқушылары, «Қыз Жібек» термешілер ансамблі тамаша кеште әсем әндері мен күйлері ойналып, халықтың зор қошеметіне бөленді.

   Бұл мерекелік концерт алдағы күндері өз жалғасын таппақ.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале