7.04.2016, 19:29
Оқылды: 29

«Тәуелсіздік алауы» фестивалі жалауын көтерді

  Kaztalov Karaoba    6 сәуір күні Қараоба ауылында спорттық ойындардан аудандық «Тәуелсіздік алауы» фестивалі жалауын көтерді. Фестивальдің  ашылу салтанында сөз алған Қараоба ауылдық окруінің әкімі Нұрлығали Дүйсеков жарысқа қатысушыларға тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестігін жеткізді.


      Фестивальдің алғашқы күні Қазталов және Қараоба ауылдарының командалары волейбол, гір тасын көтеру, үстел теннисі, дойбыдан сайысқа түсті. Жарыс нәтижесінде влейбол, гір тасын көтеру және дойбыдан Қазталов командасы жеңіске жетсе, үстел теннисінен Қараоба ауылының командасы бірінші орынды иеленді.

     Эстафета Қошанкөл ауылында жалғасын табады.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале