29.03.2016, 18:39
Оқылды: 19

Тәуелсіздік тойына арналды

????????????????????????????????????

    Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастырумен ауданымызда алғаш рет өткізілген 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер  арасында еркін күрестен аудандық ашық біріншілік өтті.

   Аудандық ашық біріншілікке Орал қаласынан, Жаңақала, Тасқала, Қаратөбе аударынан 120-ға жуық балуан қатысты. Қатысушылар қатарында тәжірибелі балуандармен қатар, күрес өнеріне енді-енді қадам басқандар да болды.


   Жарыстың  ашылу салтанатында  аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, ауданымыздың намысын қорғап жүрген жасөсіпірімдеріміздің спорттағы жетістіктеріне тоқталып,  боз кілемге шыққалы тұрған балуандарға сәттілік тіледі.

     Жарысқа арнайы келген БҚО, еркін күрестен жаттықтырушы, жарыстың бас төрешісі Асқар Төлегенұлы жарыс ережелерімен таныстырып,   қатысушы өрендерге жеңіс тұғырынан көрініңіздер деген тілегін жеткізді.

    Алғашқы боп боз кілемге ең жеңіл салмақтағылар шықты. 20 келіде қатысушылар саны аз болмады. Қарсыластарына дес бермеген оралдық Айкен Исатай жеңіс тұғырынан көрінді. 24 келі салмақта Бекбол Нығметтолла, 27 келіде Сұлтан Самигуллин, 30 келіде Нұрдәулет Сейтекенов  сынды Орал қаласынан келген  балуандар жеңісті қолдан бермеді.  33 келі салмақта Мұқағали Өтепов ауданымыздың намысын қорғады. 36 келіде тасқалалық Біржан Сағынгереев,  39 келі салмақ дәрежесінде оралдық  Рустам Жексенғалиев жеңімпаз атанды. 42 келіде тасқалалық балуан Нұржігіт Жалмұханбетов, 46 келі салмақ дәрежесінде ауданымыздың намысын  қорғаған Мерей Амандықов жеңіс тұғырынан көрінді. 50келі салмақта тасқалалық Асқар Бақтиярқа тең келер ешкім  болмады. Әр салмақ дәрежесіндегі белдесулер қызыққа толы өрбіді. Ашық біріншілікте қай-қайсына да осал қарсылас болмады, балуандар өте жоғары дайындықпен келгендіктерін байқатты.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар тапсырылды.

 www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале