16.09.2016, 15:19
Оқылды: 35

«Тәуелсіздік-қол жеткен мұрат» атты көрме ашылды

jaukazin  Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернатының» жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздік-қол жеткен мұрат» атты көрмесі ашылды.


   Шара барысында облыстық тарихи өлкетану музейі директорының орынбасары Нұргүл Нұрхатқызы сөз сөйлеп, аталмыш мекеменің директорының атынан «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернаты» ұжымына алғыс хат пен гүл шоғын табыстады.

   Мектеп ұжымы заманауи жаңа технологиялар арттерапия, иппотерапия, изотерапия, гипс және қамырмен жұмыс емдік сауықтыру шараларын қолданып оқушыларды өмірге бейімдеу жолында шығармашылықпен жұмыс жасайды. Аталмыш шарада жасөнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, музей экскурсоводы Гүлбөбек Қалешова көрермендерді көрмемен таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале