28.09.2016, 10:21
Оқылды: 24

Тәуелсіздік тірегі- Мемлекеттік тіл

????????????????????????????????????

  Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  әскерінде қызмет атқарып жатқан мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтуде.Оған республиканың барлық аймақтарында орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен келген 50-ге жуық тіл мамандары қатысуда.


Бұл шараҚазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлерінде «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тұғыры, ынтымақтастық пен біріктірудің негізгі факторы!» атты  акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Айта кетерлігі, осы  өткізіліп отырған шараның басты мақсаты - елімізде жүргізіліп отырған тіл саясаты, сонымен қатар Ұлттық ұлан әскерлерінде  Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" заң талаптарының орындалуы мен мемлекеттік тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

Себебі, Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Әр халықтың аса бай рухани қазынасы – туған ана тілі. Туған тіл домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әніндей. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.

Сонымен,  оқу-әдістемелік жиынның алғашқы күні Достық үйінің кіші мәжіліс залында басталды. ҚР Ұлттық ұлан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сәтов,  «Батыс»  өңірліқ қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник  Берік Омаров, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының бөлім меңгерушісі  Жанбоз  Нұрхат, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы «Қалқан» газеті және «Бүркіт» журналының бас редакторы полковник Куаныш Қожахметов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы подполковник Бақыт Алазов, БҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгүл Альжанова, Орал  қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының бірқатар ғалым-ұстаздары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар сияқты танымал тұлғалар және бірлесіп әрекет етуші күш құрылымдарының өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл «Тәуелсіздік тірегі- Мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел үрдісіндегі алқалы жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбашысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор  Мұхаметқали Сатов басқосудың мән-мақсатына тоқталды.

Кездесу барысында әскери мамандар азаматтық саладағы қызған темірді ұрғылап жатқан "майдандастарымен" тәжірибе алмасып, ой бөлісті. М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік  университетінің Қ гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, педагогигалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясныі академигі, Қазақстан Республикасы  Журналистер Одағының мүшесі Абат Қыдыршаев  мырза бастаған бұл отырыста,  Ақжайық өңірінің ғалым-ұстаздары, Қазақстан халқы кіші  Ассамблеясы өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылары бар елім, жерім, тілім деген әр азаматтың құлақ айызын қандырып, кеудесіне от берді.

Әсіресе, «Батыс»  өңірліқ қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник  Берік Омаров, өз сөзінде  әскерде  мемлекеттік тілді  мәртебесін  көтеру жөнінде атқарылып жатқан  игіл шараларда тілге тиек етіп. Сондай-ақ,  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуде нақты міндеттер қойып отырғанын атап өтті.

М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік  университетінің Қ гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, педагогигалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясныі академигі, Қазақстан Республикасы  Журналистер Одағының мүшесі Абат Қыдыршаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымының кандидаты Қазақбай Қасымовтың пікірінше, «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген Елбасы айтқан қанатты сөздің мазмұнына бүгінгі таңда тереңірек үңілуіміз керек. Қазақ тілі–барша елді жұмылдыратын, біріктіретін күш болуы керек, елге, Отанға деген құрмет мемлекеттік тілден басталады деген пікір білдірген тілші-ғалым өз тіліңді мойындамаудан рухани мүгедектік басталатынын ашық айтты.

Сондай-ақ БҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы  Махамбет  Ихсанғали, М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік  университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ономастикалық комиссиясының мүшесі Жаңабек Жақсығалиевте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Оқу-әдістемелік жиынның алғашқы күнінің екінші жартысы Қазақстан Республикасы Республикасы Ұлттық ұлан әскерлеріндегі жергілікті емес ұлт өкілдері арасындағы "Мемлекеттік тіл - менің тілім" республикалық қарау-сайысының қорытынды турымен жалғасты.

«Батыс» өңірлік баспасөз қызметінің басшысы

подполковник Ерболат Сұлтанов

Орал қаласы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале