17.12.2015, 18:22
Оқылды: 25

Тәу етер Тәуелсіздікке тарту

zelenov tauelsiz shara   Зеленов ауданында «Жаса мәңгі, Тәуелсіз Қазақстан» атты      Тәуелсіздік күніне орай мерекелік кеш өтті.

Егемендігімізге арналған жиында алдымен ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Әнұран шырқалды.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Кәрім Жақыпов:

-Ұлан ғайыр даламыздағы ұлт пен ұлысты бір мақсатқа тоғыстыратын Тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, береке-ынтымағымыздың тірегіне айналған Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халқын кемел болашаққа бастаушы кемеңгер тұлға ретінде аз ғана уақыт ішінде елімізді әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосты. Өткен 24 жыл ішінде ынтымақтықты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі, - дей келе аудан халқын құттықтады.

 Құттықтаудан кейін Кәрім Кәрімоллаұлы «БелесАгро» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Жәкібаевті ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, «Ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен «Сизов» шаруа қожалығының меңгерушісі Анатолий Сизовты марапаттады.

Аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыровқа облыс әкімі Н.Ноғаев және облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшардың атынан Құрмет грамотасын табыстады.

Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім инспекторы Марина Кирбабинаға ҚР Тұңғыш қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетов атындағы төсбелгіні тапсырды. Сонымен бірге «ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» төсбелгісімен аудандық №25 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ, аудан әкімі атынан өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан  бір топ азаматтар да марапатқа ие болды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өткізген кәсіптік салада жұмыс жасайтын жас мамандардың сырттай байқауының үздіктеріне «Жас комбайнер», «Жас трактор-жүргізушісі», «Жас жүргізуші», «Жас технолог», «Жас автоослесарь» аталымдарымен  дипломдар берілді.

Жиын одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Сахна шымылдығы «Шежіре» фольклорлық ансамбілінің Құрманғазының «Адай» күйін орындауымен түрілді. Кеш көркін «Дарьюшка», «Нұр-ай» би ансамблдері кіргізді.

Тәуелсіздікке тарту етілген концерт «Тәуелсіздік жасасын» әнімен тәмәмдалды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале