11.03.2016, 12:32
Оқылды: 25

Тәу етер Тәуелсіздік, Астана, «EXPO-2017» туралы сөз

 Akjayik tau eter tauelsizdik  Ақжайық ауданының Жайық ауылындағы Жайық негізгі мектебінің кітапханашысы Гүлнара Гилманова  оқушылармен «Кітап әлеміне саяхат» ұйымдастырды. Осында жиналғандар, олардың арасында тұрғындар да болды, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шежіресінен сыр шертетін әдебиеттермен, басылымдар мақалаларымен, суреттер көрмесімен танысты. Кітапханашы тәуелсіздігіміздің мерейтойы тұсында еліміздің ендіктерінде атқарылып жатқан ұлан-ғайыр істер туралы кеңінен баяндады.


Балаларды Астана қаласының өсіп-өркендеуі және «ЕХРО-2017-ге» дайындық барысы да аса қызықтырды. Бүкіләлемдік көрмеге арналып салынып жатқан алып ғимарат, кешендер суреттері көрсетілді. Елордадағы көзтартар «Бәйтерек кешені» жайында да тартымды әңгімеленді. Кітапханаға түскен жаңа кітаптар, оның ішінде Ұлы Дала елінің өткеніне қатысты әдебиеттер таныстырылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале