15.05.2015, 16:48
Оқылды: 31

Төзімділік - татулыққа арқау

 Assambleia Kazahstana  Орал қаласындағы «Достық» мәдениет үйінде ұлтаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған дөңгелек үстел болып өтті. Оған облыс орталығындағы түрлі оқу орындарының студенттері, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері  қатысты.

   Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі жанындағы «Дос» құрылымының атқарушы директоры Вера Шохина ашты. Ол  еліміздің қоғамдық өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мәні мен маңызын баса көрсетті және Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан  халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылды айрықша атап өтуге шақырды. Сондай-ақ  халқымыздың  бойында ғасырлар бойы қалыптасқан төзімділік сынды асыл қасиеттің Отанымыздағы бүгінгі ұлтаралық және дінаралық татулықтың алтын арқауы болып отырғанын ерекше қанағаттанғандық сезіммен айтты. Жиналған жастарды ұлтаралық және дінаралық татулық мен келісімді көздің қарашығындай қорғауға шақырды. Облыстық әкімдік аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Александр Әжіғалиев күн тәртібіндегі мәселеге үн қосып, осы жылдың соңында Орал қаласында салынып жатқан «Қазақстан халқы Ассамблеясы Үйінің» пайдалануға берілетінін хабарлады. Александр Құмарұлының пайымдауынша, қазір облыс орталығында 16 ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Жоғарыда аталған жаңа ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін, сол орталықтардың жұмысының кеңінен өріс алатынын айтты. Ал еврей ұлттық-мәдени орталығы төрайымының орынбасары Феликс Баюканский аталмыш орталықтың құрылуы мен қалыптасу тарихы жөнінде баяндады. Сондай-ақ басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ж. Ихсанова, БҚО ҚХА жастар қанатының жетекшісі И. Спиридонов, әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының мүшесі О. Насибов және басқалары ой-пікірлерімен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Серік   ІЗБАСАРҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале