16.03.2016, 10:36
Оқылды: 22

Төлге толсын төлхана

Akjayik tolge tolsin  Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округіндегі «Нияз» шаруа қожалығында бүгінде маңайға төл үні жаңғырады. Марьяна Батырова жетекшілік ететін бұл қожалықта бүгінге дейін 20 бұзау, 80 қошақан қабылданған. Саны жағынан төлдің ең көбі бүгінге дейін осында. Аманжол Ромашевтың «Қамыстыкөл» шаруа қожалығында да көктем науқаны күш алуда. Мұнда қазірге дейін алынған 15 қозы, 40 бұзау мұқият күтімге алынған.


Жыл басынан бері аудан бойынша 19601 қозы-лақ, 4369 бұзау, 306 құлын алынды. Мамандардың айтуынша, мал өріске шыққанға дейінгі жемшөп қоры жеткілікті. Төлханаларда шаруалардың көмекшілері кезекшілік жүргізеді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале