19.04.2016, 11:32
Оқылды: 14

Төлдеу науқаны наурыз айының аяғында басталып кеткен

????????????????????????????????????

     Биыл ауданымызда қыс мезгілі ондай қатты болмады. Төлдеу науқаны наурыз айының аяғында басталып кеткен. Жыл бойы маңдай терінің жемісін көрер шақта шопандар, олармен қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген сақпаншылар мал күтімін үнемі назарда ұстауда. Сапарымыз округтің Қособа елді мекеніне қарасты «Ықылас» қыстағынан басталды. 2012 жылы Ықылас қыстағынан «Аман» шаруа қожалығын құрған Есет Хамитовтың шаруашылығында 500 қой, 100 ірі қара малы бар екен. Қожалық иесін әңгімеге тартып, мән-жайды сұрастық.


      -Бүгінгі таңда төлдеу науқаны жайлы өтуде. Қазіргі таңда 210 саулықтан 250 қозы алып отырмыз. Төлдеу мамырдың ортасына дейін жалғасады. Сақпанда төрт кісі жұмыс атқаруда. Қысымыз жайлы өтіп, жем-шөбіміз жеткілікті болды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы үкіметтен 6 млн 300 мың теңге көлемінде қаражат алып, жұмыстанып жатқан жайымыз бар,-дейді қожалық жетекшісі Есет Хамитов.

     Мұнан кейін біз осы округтің «Тамон» қыстағында сексенді алқымдап қалған «Бекет» шаруа қожалығының жетекшісі Болат Бекмурзинге жолықтық. Болат аға 1960 жылдан бері қой шаруашылығымен айналысып келді. Кеңес Одағы кезінде алдыңғы қатардағы шопандардың бірі болды десек артық айтқандығымыз болмас. Жас жігіт секілді атқан отырғанда ширақ. Шаруашылықты 2007 жылы құрыпты. Содан бері үкіметтен ешқандай қаражат алмай өз еңбегімен төлдерін көбейтіп отырған жайы бар. Қазіргі уақытта 250 қой-ешкі, 80 ірі қара, 32 жылқысы бар.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Талдыапан ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале