18.08.2015, 17:11
Оқылды: 18

Төлем операциялары жеңілдетілмек

 

толем аппаратыКәсіпкерлік палатасы Жәнібек аудандық филиалы мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы З.Құбаева өз сөзінде аудандағы алкоголь және мұнай өнімдерін саудалайтын кәсіпкерлердің 2015 жылдың 1 қазанына дейін фискальдық жады бар қассалық аппарат орнатуы тиіс екендігін айтты. Жаңа құрылғы орнатылмаған жағдайда ең бірінші ескерту беріліп, одан соң айыппұл салынатындығын да ескертті.

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алушының қалауы бойынша қолма-қол ақшамен емес, POS-терминал арқылы төлем карточкасымен есептесуге көшу жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.

Кәсіпкерлік палатасы Жәнібек аудандық филиалының директоры Жасұлан Басиров кәсіпкерлерге берілетін несие жайында айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер айтылған мәселелер төңірегінде сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале