29.06.2016, 12:31
Оқылды: 20

Төл мерекелерімен құттықтады

tol merekelerimen kuttyktady28 маусым – байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин редакция және баспаханада ұзақ жылдар еселі еңбек еткен ардагерлерді қабылдап, жылы шырайлы кездесу өткізді. 


Кездесуге келген Гүлбағида Хайруллина, Әсима Есетова, Болат Закарин, Кәрім Хайруллиндер аудан әкімдігіне зор алғыстарын білдіріп, өздерінің өмір жолын, еңбектерін айта отырып, естеліктерімен де бөлісті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев қатысып, ізгі тілектерін арнады. Кездесу шеңберінде сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы жүрекжарды тілегін жеткізді.  Шара барысында ардагерлер газеттің қазіргі тыныс-тіршілігін, атқарып жатырған жұмыстарын айта отырып, осындай құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне, аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Ахмедияр Батырхановқа шексіз ризашылығын жеткізді. Қалам иелеріне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар  табыс етіп, ардагерлермен суретке түсті.

www.zhaikpress.kz
Арайлым КЕСЕКОВА
Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале