31.08.2015, 19:43
Оқылды: 20

Төл құжатымыздың мерекесі тойланды

Айбарымыз бен келешегіміздің кепіліне айналған Ата Заңымызға биыл 20 жыл толып Terekti ata zanотыр. Осы уақытқа шейін қаншама кедергілер мен сын-қатерлерден аман өтсек, ол әрине Конституциямыздың арқасы.

Төл құжатымыздың мерекесін тойлауды теректіліктер ерте бастап кетті. Тамыз айының 28-ші жұлдызы Достық үйі алаңында Конситуциямызға арналған мерекелік концерт пен отшашудың қызығын дүйім халық көзбен көрді. Аудандық мәденит үйінің өнерпаздары патриоттық бағыттағы әндерді әуелетіп, қазақтың ұлттық биі киелі сахна төрінен орын алды.

Ал келесі күні мәдениет үйінде өткен мерекелік бағдарламаның бәсі мүлде бөлек болды. Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойы күллі халықтық мереке екенін Теректі ауданының тұрғындары тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алдымен , мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын  қызметкерлердің  салтанатты ант қабылдау рәсімі орын алды. Федоров селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы міндетін атқарушы Қ.Жұмақаев пен Шаған селолық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы А.Құспанова барша халықтың алдында міндетін адал атқаруға уәде беріп, Конституциямызға деген құрметін білдірді.

Мерекелік бағдарламада Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев құттықтау сөз сөйлеп, барша қазақстандықтарға бейбіт күн мен тыныштық тіледі. Айта кететін жайт, облысымыздың  саяси,экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуда зор үлес қосқан аудан әкімі  Жеңіс Серікқалиұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Батыс Қазақстан облысы әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлынан  осы айтулы мереке қарсаңында өткізілген облыстық шарада Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы медалімен марапатталған. Бұл аудан үшін де зор қуаныш пен айтулы жетістік.

Ұлық мерекеміздің қарсаңында еңбегі мен бар күш-жігерін еліміздің өсіп-өркендеуі жолына арнаған бірқатар аудан азаматтары «Қазақстан  Конституциясына  20  жыл»  мерекелік  медаліне ие болды.

Мерекелік көңіл-күйді аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көтеріп тастады.

 www.zhaikpress.kz

Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале