8.04.2016, 17:33
Оқылды: 24

Төрт бөлмелі үйін медпунктке тегін беріп, мәрттік жасады.

Akjayik yin tegin berdi      Бөкей Ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округіне қарасты Тайғара ауылында медпункт баяғыдан бар, бірақ, бар да болса, жоқ. «Бар» дейтініміз, штат қаралған (медбике Оралғаным Исанова). Ал «жоқ» дейтініміз басы ауырып, балтыры сыздағанда ауыл тұрғындарының қаралатын орны, яғни, арнайы медпункт үйі жоқ болатын.


     Көптен шешімін таппай келген бұл мәселенің түйіні бүгін өзінен-өзі шешілді. Оны шешкен осы ауылдың атымтай жомарты ­- Ертай Қабылханұлы Биарыстанов.

     Ол бұрын өзі тұрған электр қуатымен жылытылатын төрт бөлмелі үйін медпунктке тегін беріп, мәрттік жасады.

www.zhaikpress.kz

А.ХАМЗИН

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале