17.03.2016, 16:40
Оқылды: 13

Төрт мәселе қаралды

????????????????????????????????????

    Жәнібек ауданы әкімдігінде ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен жиын оздырылды. Жиналысты аудан әкімі Мұрат Мұқаев  ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алғаш болып сөз алып, баяндама оқыған  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Нұржан Абдикешев 2016 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру дайындығы барысынан хабарлама оқып, азаматтарды әскери қызметке шақыру жұмыстары ҚР-ның «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңына сәйкес жүргізілуде екенін тілге тиек етті. Одан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов аудан бойынша ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін қолдану және оларды аудан көлемінде насихаттау жәйі туралы хабарлама оқып, біраз кемшіліктердің кездескенін баяндамасына арқау етті.


       Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаев аудан бойынша сәуір, мамыр айларында санитарлық-экологиялық айлықтың өткізілуі жайында іс-шаралар жоспарын баяндаса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекежан Шарафутдинов Наурыз мейрамын атап өту барысындағы жоспарын, мереке кезіндегі мәдени және спорттық шаралар кестесін көпшілікке таныстырды.

       Жиын соңын қорытқан аудан басшысы Мұрат Рахметұлы заң талабына сай жұмыстану керектігін айта келіп, әскери қызметке шақыру барысын өзі арнайы қадағалап отыратындығын, Отан қорғау қасиетті борыш болып саналатындықтан осы бір мақсатта  құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе жұмыстану қажеттігін баса айтып, елді мекендерді тазалау, абаттандыру шараларын ұйымдастыру баршамыздың азаматтық парызымыз, алдағы сайлау науханына ел болып түгел қатысып, Наурыз мейрамын  ұйымшылдықпен атап өтелік деді.

 www.zhaikpress.kz

                                                                                                        А.ҚАРШЕКЕ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале