29.03.2016, 10:26
Оқылды: 85

Төрт түлік қыстан күйлі шықты

Janakala tort tylik kistan   Биылғы мал қыстату маусымына ауданымыз бойынша 46610 мың мүйізді ірі қара, 169046  қой-ешкі, 16167 жылқы, 900-дың үстінде  түйе малы кірген  болатын.  Аудандық мал шаруашылығы мамандарының белсенді жұмыстарының және малшылардың қажырлы еңбектерінің  нәтижесінде мал қыстату науқаны үлгілі өтті, мал басы түгелге  жуық аман-есен. Бұл жетістікке қыстың жайлы болғаны да өз әсерін тигізді, әрине. Нәтижесінде, кейбір  ірі қожалықтарда жем-шөп еркін жетіп, келесі жылға да шөп қоры қалатын сыңайлы.


Былтыр біздің аудандажауын-шашынның аз түскеніне қарамастан мал азығын дайындау жоғары деңгейде  жүргізілді. 28,5 тонна жем-шөп дайындалып, жоспар  толығымен  орындалды.

Жалпы ауданда барлық түлік 365 қыстақта қыстатылды, олардың барлығы мал азығымен толық қамтылды. Мал азығының жетіспейтіні мен жол қатынастары қиындық туғызған қыстақ болған жоқ. Барлық ауылдық округтер бойынша 145 қыстақ электр желісімен қамтылған. Қазіргі таңда мал жайылысқа шықты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале