13.04.2016, 18:40
Оқылды: 35

Төр де, қошемет те – ұстазға

Akjayik torde koshemette ystazga      Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов педагогика ардагері Қамария Зиналиеваны қабылдап, оны 75 жас мерейтойымен құттықтады.

      Орал педагогика институтының түлегі Қамария Мәштекқызы еңбек жолын аудандағы Мерген орталау мектебінде бастап, сосын көп жыл Чапаев қазақ орта мектебінде еңбек етті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді, интернат меңгеруші қызметін атқарды. Ал 1982 жылдан бастап білім бөлімінің әдіскері болып, өзінің ізденісімен, жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне деген терең мүдделігімен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Оның бай тәжірибесінен үйренген ізбасарлары аз емес.


      Аудан басшысы Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, төрт баланың анасы Қамария Зиналиева сынды еңбек ардагерінің бай өмірлік тәжірибесі Ақжайықтың шежіресін шырайландырар беттер екенін, ауыл-еліміздің төрі де, құрметі де қашанда осындай ұстаздардікі болып табылатынын әңгімеледі. Ол мерейтой иесіне естелік сыйлықтар тапсырды.

     Қ.Зиналиеваға байырғы әріптестері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Мушагалиева игі тілектерін арнады.

 www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале