19.11.2015, 17:56
Оқылды: 29

Төсбелгімен марапатталды

TAskala raushan  Облыс орталығында  9 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  алқа мәжілісі болып өтті. Осы жиында әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайТасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімованың еңбегі бағаланып, ол Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік – еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Бұл марапат облыс бойынша  бірінші рет Раушан Сабырғалиқызына берілді.  Бөлім басшысын аталмыш наградағажұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған болатын.


 

Қандай жұмыс тапсырылса да оғанәркез жауапкершілікпен қарап, өзіне де өзгеге де талап қоя білетін,  30 жылға жуық еңбек өтілі болса, соның 12 жылын осы салаға арнаған Р.Мүсәлімова осыған дейінЕлбасының «Құрмет» грамотасынан бастап, әртүрлі мерекелік медальдар мен алғыс хаттарға ие болған жан.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале